Oqy. U’iren. Izden. «Серпін» сыйлаған сапар
Қарағандының оқу орындарында «Серпін» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, биыл Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де әлеуметтік жобадағы алғашқы 208 студент, ал, ҚарМТУ-ді 302 студент бітіреді.
Бағдарлама арқасында көпбалалы отбасылардан шыққан балалар тегін білім алуда.
Жақында «Серпін» бағдарламасы аясында Литва қаласының Вильнюс университетінде «академиялық ұтқырлық» бойынша тәжірибеден өттім. «Серпін» алдымен тегін әрі сапалы оқумен қамтамасыз етеді. Еуропа елдерін араладым, тіл меңгердім.
ҚарМУ оқытушылары талпынысыңды бағалайды. «Серпін» аясында университет берген тағы бір мүмкіндік – топта үш тілде оқытады. Оңтүстік өңірден келген студент үшін орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеру – үлкен мүмкіндік. Мамандығым ғылыми салада болғандықтан, зертханада жұмыс істеп, тәжірибеде оқыған дүниелерді көру – маңызды.
Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дегі «Серпін» оқу орталығының жетекшісі Баян Шаушекованың айтуынша, қазіргі таңда ҚарМУ-де «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында (Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау) білім алып жатқан студенттер саны – 1297. Оның ішінде, педагогикалық мамандық бойынша – 498, ал, техникалық мамандықта 799 студент оқиды. Ал, ҚарМТУ-да 858 студент білім алуда.
Айтпақшы, серпіндіктердің меншікті мерекесі болып саналатын университеттік және республикалық деңгейдегі «Аламан» фестивалі жылына екі мәрте өтеді. Жеңімпаз жастар республикалық фестивальге қатысып жүр.
Толқын ҚАМЗАЕВА,
Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің IV курс студенті.