АбайАймақ

Қоныс – жайлы, қоныш– майлы

Сиыр жылы Абай ауданының отбасылары үшін қуанышпен басталды. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар мен жетім балаларға Абай ауданы Топар кентіндегі жаңа үйден 18 отбасына пәтер кілті кезекке сәйкес табысталды.

Пайдалануға берілген үйдің жалпы ауданы – 2 243 шаршы метр, пәтер саны – 18 Оның ішінде, 2 бөлмелі – 14 пәтер , 3 бөлмелі – 4 пәтер бар.

Пәтерлер сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Жасалған қолайлылықтары сәулет, қала құрылысы және құры лыс саласындағы мемлекеттік стандартт ардың талаптарына орай, жай лылықтың жоғары деңгейіне сай. Тұрғын үй жаңа. Күрделі және ағымдағы жөндеуді талап етпейді. Орталықтандырылған жылумен, орталық сумен, электр желісімен жабдықталған. Пәтер иеленген азаматтардың қуанышында шек жоқ.

– Бүгін – отбасымызда бақытты күн. Өйткені, көп жыл күткен баспанаға қол жеткіздік. Осыған дейін жал дамалы үйде тұрып келген едік. Қазір, міне, кент орталығындағы мектеп, балабақша, емханаға жақын орн аласқан, ыңғайлы, жап-жаңа пәтерге ие болдық. Көпбалалы отбасы ларды қол дай тын осындай мемлекеттік бағдарлам алардың шынымен де, жүзеге асып жатқанына куәміз. Жыл басы – Наурыз мейрамын жаңа пәтерде қарсы алдық. Президентке, облыс, аудан басшыларына алғысымыз шексіз, – деді көпбалалы ана Құндыз Дүйсенова. Үйді Абай ауданының құрылыс бөлімі тапсырысымен «Петрострой-Люкс» ЖШС мердігерлік ұйымы тұрғызған. Жобаны жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 200 млн. 984 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалыпты.

Бұл күн біздің есімізде мәңгі сақталып қалады. Көптен күткен үйіміздің кілтін Наурыз мейрамы қарсаңында алдық. Мен 10 жылдан бері жетім ретінде үй кезегінде тұрғанмын. Отбасыммен Топарда, Абай қаласында пәтер жалдап жүрдік. Жыл бойы осы үйдің құрылысын көзіммен көрдім. Бізге қоңырау соғып, осы жаңа үйден пәтер алатынымызды айтқанда қуаныштан еңіреп жылағым келді. Мемлекеттің бұл қамқорлығына ризамын. Бізді ойлап, жағдайымызды жасаған аудан әкімдігіне алғыс айтамын, – деді Эленора Томашевская.

Осылайша, қонысы – жайлы, қонышы – майлы ағайын көтеріңкі көңіл күймен жаңа өмірге қадам басты. Бұған біз де іштей қуандық.

Жәлел ШАЛҚАР.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button