Жаңаарқа

Он екі дүркін жеңімпаз

Бидайық ауылының жастары 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп жатқан ауыларалық спартакиададан биыл да сүрінбей он екінші мәрте жеңімпаз атанды. Ауыл спортшылары спорттың 18 түрі бойынша өткен дүбірлі доданы жалпы есепте 265 ұпаймен қорытындылап, жеңіс тұғырынан көрінді.


Жарыс барысында ауыл спортшылары өз жылдамдықтарымен көзге түсті. Ойынға белсене араласқан жастар шеберліктерін танытып, көптің сүйіспеншілігіне бөленді.
Қыздар арасындағы волейболдан Айткүл Қалдыбаева бас таған команда облыстық жарысқа жолдама алды. Команда құрамында: Гүлдана Қауанова, Ақнұр Тасанова, Құндыз Алдажан, Данагүл Қауанова, Рабиға Кәрібай, Айкүнім Төлегенова бар.
Ұлттық спорт түрінен өткен сайыстардан да қанжығамыз құр қайтпады. Абулганит Айтжанов тоғыз құмалақтан топ жарса, асық ату сайысында Батыржан Баязитовтың мергендігіне тең келер жан табылмады. Халқымыздың асыл мұрасына айналған ат спорты түрлерінен бағын сынаған Нұрсұлтан Күлмановтың тұлпары да мәреге бірінші келді.
Спортшыларымыз тек ауыл арасында ғана емес, аудан, облыс көлемінде өтіп жатқан ірі додалардың барлығына белсене қатысып, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүр. Намысты қолдан бермейтін ұл-қыздар ауыл халқының мақтанышына айналып, өскелең ұрпаққа үлгі болуда. Бұл ауылдағы салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жасалып жатқан жұмыстардың жемісі деп білеміз.

С.БАЯЗИТОВ,
Бидайық ауылдық округінің әкімі.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button