Қолыма қалам ұстатқан
Дүниедегі ең қадірлі мамандықтың бірі – ұстаз болу.
Ұстаздарды «Ұлы адам» дейді. Себебі, ұстаз адамзатқа ілім беріп, сауатын ашып, оқу-жазуды үйретеді. Осындай «Ұлы жолдың адамы», менің алғашқы ұстазым – Салтанат Кәрібайқызы. Әліппені қолға алғызып, қалам ұстатып, жазу мен сызуды үйреткен ұстаздың еңбегін қалай ұмытарсың?! Ұстазымның жолын жалғап, мен де мұғалім болдым.
Ұстазым 1968 жылдың 30 қазанында Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді маман алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Ақтоғай ауданының Жәмші кеңшарында бастаған.
2008 жылдан бастап №65 жалпы білім беретін орта мектепте ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етуде. Оқушылары жыл сайын қалалық, облыстық олимпиадаларға қатысып, биіктерден көрінумен келеді. Шәкірт пен ұстаз болып қазіргі таңда бірге ұрпақ тәрбиелеудеміз.
Манар ӨМІРСЕРІК,
№65 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі.