Спорт

Олимпиаданың қос жолдамасы – қарағандылықтарда

Токиода өтетін Олимпиада ойындарында дзюдодан 6 спортшы ел намысын қорғайды. Олардың қатарында қарағандылық Жансай СМАҒҰЛОВ (73 келі) пен Ислам БОЗБАЕВ (90 келі) бар. Бүгінгі таңда ел спортшылары спорттың 28 түрінен 82 лицензия жеңіп алды.

Біліктілік кезеңі Мажарстанда өткен әлем чемпионатынан кейін аяқталды. Олимпиада аренасында өнер көрсету үшін 110 елдің спортшылары сынға түсті. Сонымен қатар, квоталарды бөлу кезінде дзюдошылардың олимпиадалық рейтингтегі қорытынды нәтижесі мен әлемдік турда иеленген ұпайы есепке алынды.

– Іріктеу кезеңі 2018 жылдың 25 мамырынан басталды. Әр салмақта 18 спортшы өнер көрсетеді. Ал, жолдама салмақ бойынша тек бір адамға беріледі, – деп атап өтті дзюдодан ел құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасына да ел атынан 6 дзюдошы қатысқан.

Басқа материалдар

Back to top button