Спорт

Олимпиадаға 96 жолдама жеңіп алды

Токио Олимпиадасына Қазақстаннан 95 спортшы қатысады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мәлімдеді.

Токио Олимпиадасына Қазақстаннан 95 спортшы қатысады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мәлімдеді.
Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ел спортшылары спорттың 27 түрінен 96 жолдама жеңіп алды. Олимпиада – 23 шілдеде басталады. Ал, төртжылдықтың басты додасында барлығы 339 медаль жиынтығы сарапқа салыбақ.

Ал, Олимпиадада Қазақстан туын ұстайтындар анықталды. Олардың қатарында жеңіл атлетикадан Лондон Олимпиадасының чемпионы, жазғы Олимпиаданың жүлделер жиынтығының толық иегері Ольга Рыпакова, бокстан ұлттық құраманың капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев бар.
Қазіргі таңда ҰОК кейбір спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың лицензияларды қайта бөлу, үлестіру нәтижелерін күтіп отыр. Олимпиада ойынарына қатысатын спортшылардың соңғы әрі нақты тізімі 5 шілдеден кейін белгілі болады.
Сонымен қатар,
Олимпиадалық команда Токиоға жіберілгенге дейін жаттығу базаларында кем дегенде екі апта карантинде болады. Команда Жапонияға 16 шілдеде аттанады. Қауіпсіздік пен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету үшін делегацияның рейстері «Air Astana» әуекомпаниясының чартерлік рейстерімен жүзеге асырылады

 

Басқа материалдар

Back to top button