Қолдаудан құралақан емес

Нұра ауданында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, биыл «Сарыарқа әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на кәсіпкерлерден 88 өтініш түскен. Сұратылған қаражат мөлшері – 754,5 млн. теңге.

88 өтінімнің он бірі ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінен түскен. Сомасы – 249,2 млн. теңге. 64 жеке кәсіпкер 408,8 млн. теңгеге сұраныс жасаған. Шаруа қожалықтары 13 өтініш жіберген. Сомасы – 96,5 млн. теңге.

Бүгінде өтініштер аясында аудан бойынша бес кооператив 119,8 млн. теңге несие алыпты. Бір жеке кәсіпкерге 8,6 млн. теңге берілген.

Шаруалар алған несиені мал басын көбейтуге, арнайы техника сатып алуға жұмсамақ. Ал, кәсіпкерлер бастаған ісін одан әрі дамытуды көздейді.

Атап айтсақ, Кертінді ауылындағы «Алғабас Сүт» ауылшаруа­шылық өндірістік кооперативі. Мал басын көбейтуге 9,7 млн. теңге алған. Соналы ауылында­ғы «Alten Bas» ауылшаруа­шы­лық өндірістік кооперативі мал басын көбейтуге 27,3 млн. теңге алған. Соналы ауылындағы жеке кәсіпкер 8,6 млн. теңгеге мал сатып алған. Шұбаркөл кентіндегі «Жақсы-көн» ауылшаруашылық өн­дірістік кооперативі – 27,6 млн. теңге, Шұбаркөл кентіндегі «Сүт­ті бұлақ» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі – 23,6 млн. теңге, Нұра кентіндегі жеке кәсіпкер 8,6 млн.теңге алған.

Ауыл шаруашылығына арнал­ған техника сатып алғандар қатарында бірқатар шаруашылықтар бар. Жанбөбек ауылы «Аdal-2023» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 27,6 млн. теңгеге «Беларус-892,2» маркалы екі трактор және шөп шабу құрылғысын сатып алды. Жараспай ауылынан «Жер ырысы-2023» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 27,6 млн. теңгеге, дәл сол елді мекендегі «Жантөре» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 27,6 млн. теңгеге техника алып отыр. Жараспай ауылындағы «Жантөре» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі және «Жер ырысы» ауылшаруа­шылық өндірістік кооперативі 2023-2025 жылдарға арналған кә­сіпкерлікті дамытуға 2,5%-бен несиелендірілді. Су жаңа екі «Lovol TD-854» тракторына қол жеткізіп, жұмыстарына кірісті.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Нұра ауданы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.