АбайАймақ

«Ойын ойнап, ән салмай…»

Жазғы демалыста балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Абай аудандық мәслихатының депутаты Әдемі Әбдиева басқаратын Топар кентіндегі «Энергетиктер» Мәдениет үйінің қызметкерлері түрлі іс-шаралар жоспарлады.

Олар өткен аптада аудандық орталық аурухана мен жергілікті кітапхана мамандарымен бірлесе отырып, кенттегі үш мектептің жанындағы жазғы лагерьлердегі оқушылар үшін «Бекеттер» ойынын ұйымдастырып, өткізді.

Бұл ойынға балалар белсене қатысып, қызығушылықтары арта түсті. Оларды әр бекетте «Салауатты өмір салты», «Әдеби», «Спорттық», «Қолөнер», «Музыка» тақырыптарындағы ойындар күтіп тұрды. Онда оқушылардың қимыл шапшаңдығы мен ой ұшқырлығы таразыға түсіп, сарапталды.

Қызықты ойындар соңында оған белсене қатысқан оқушылар марапатталып, «Топар ГРЭС-індегі «Еңбек» кәсіподақ ұйымының төрағасы Светлана Валерьевна оларға дайындап әкелген тәтті-дәмді сыйлықтарын табыс етті. Атап өтерлігі, ол осындай шаралардың бәріне қолдау көрсетіп отырады. 

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button