Ресми

Облыстық соттың судьясы тағайындалды

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ерден Арипов облыстың судьялар корпусына жаңадан тағайындалған облыстық соттың судьясы мен аудандық соттардың төрағаларын таныстырды.

– Жалбырова Сәуле Сатыбалдықызы Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатылып, Қарағанды облыстық сотының судьясы болып тағайындалды.

– Теміртау қалалық сотының төрағасы Есен Балтабайұлы Жұмабеков (осы соттың судьясы);

– Бақытбек Әбдіғалымұлы Шайзадаев Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатылып, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы № 3 аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.

– Боранбаев Ерден Мұхамедиұлы Қарқаралы аудандық сотының судьясы қызметінен босатылып, Ақтоғай аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.

– Дархан Кенжеғұлұлы Бейсенов Ұлытау облысы Қаражал қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылып, Саран қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button