Облыстық мәслихат хатшысы сайланды

    Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына қатысушы халық қалаулыларының бірауыздан қолдауымен Серік ӨТЕШОВ Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Серік Балғатайұлы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында 1963 жылы дүниеге келген. Бұған дейін Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болған Серік Өтешовтің кандидатурасы 29 қазанда өткен облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында №12 Индустриальный округі бойынша ұсынылды.

С.Өтешов 1986 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1986-1988 жылдары – Кеңес әскерінің қатарында борышын өтеген.

Еңбек жолын бұрынғы Жезқазған облыстық қаржы басқармасында бастап, бюджеттік бөлімінің аға экономисі, облыстық қаржы басқармасының экономисі, бас маманы, бөлім бастығы, бөлім бастығының бірінші орынбасары болды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қаржы қызметінің үздігі» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІ сессиясының жұмысы туралы ақпаратты газеттің алдағы санынан оқисыздар.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.