Жаңалықтар

«Облыстық ақсақалдар алқасы» бірлестігі құрылды

Қарағандыдағы «Достық үйінде» ресми түрде «Облыстық ақсақалдар алқасы» бірлестігі заңды тіркеуден өтті. Бұл бірлестік облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикеновтың мұрындық болуымен құрылған. Облыстық әділет басқармасының қызметкері бірлестік төрағасы  болып сайланған Жексенқұл Әбдірахмановқа ресми түрде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және ережесін табыс етті.

Аталған іс-шараға Нұрлан Бикенов пен «Достық үйінің» басшысы Гүлнар Қалиқызы, «Ғасыр адамы» Темірғали Көкетаев, қоғам белсендісі Майра Әбдірахманова және мәслихат депутаттары, ел ағалары қатысты. Жиынға қатысушылар сөз алып, ақжарма тілегін білдірді.

«Облыстық ақсақалдар алқасының» құрамында тоғыз адам бар. Өзара дауыс беру арқылы төраға орынбасары болып Сәкен Сәбиденұлы сайланды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button