Бас тақырып

Облыс әкімі ескертусіз емханаларды аралады

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ескертусіз №1 және №2 емханаларды аралады. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше аймақ басшысы алдымен № 1 емханаға барып, дәлізде өз кезегін күткен тұрғындармен әңгімелескен. Сонымен қатар Ермағанбет Бөлекпаев №1 емхана директорына мекемеге апаратын жолдың тайғақ және шашылып жатқан құрылыс материалдарын тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін алып тастауды тапсырды.

Сурет пен видео: Облыс әкімінің баспасөз қызметінен

Одан әрі өңір басшысы Пришахтинск қаласындағы № 2 емханаға барды. Медициналық мекемеге 33 мың тұрғын тіркелген. Ғимарат жөндеуді қажет етеді. Осы уақытқа дейін емхана «Гиппократ» компаниясының сенімгерлік басқаруында болған. Жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Мұнда тұрғындар ғимараттың жөндеу көрмегенін айтып, ұзын-сонар кезекке шағымданды. Аймақ басшысы алдағы уақытта аталған мәселелердің шешілетінін айтып, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button