Жаңалықтар

Оқырманға арнау

Жабы мен арғымақтың тұқымынан қазанат құлындатқан қазақпыз. Қаздауысты Қазыбектей қазы, Бұқардай жырау, Қабанбайдай баһадүр, Қасымдай ақын, Тоқтардай батыр туған ұлтпыз. Біз ешкімнен кем емеспіз. Ерегіскен жауын етігімізге еңкейткен елміз!!!

ХХІ ғасырдың басында тұрмыз. Қазанат-қазақтың алды – ашық, арты – шаң.  Айбындымыз. Бабаларымыздың көзіміз, бізге аманаттаған сөзіміз. Ие болайық, құрметті оқырман!

Табалдырық аттаған жы­лымыз – Бұқар бабамыздың жылы – 350 жыл. Абылайдай ханымызға ақыл берген абызымыз. Ит жылы екен деп «ит мініп, ирек қамшылап» жүрмейік. Тазысын төрге шығарған қазақпыз. Бүгін азақпыз, ертең қоңыраулы, егеулі найза қолға алып, қол төңкеретін (Ақтамберді, Махамбет) ұрпақпыз ғой.

Биыл Мағжан мен Сұлтан­махмұттың 125 жылдығы. Қазтуғандардың, Шалкиіздер­дің, Үмбетейлердің сарқыты ғой ағаларымыз, жағаларымыз. Ұмытып кетпейік.

Біреу анау дейді, біреу мынау дейді. Тоқсанға қарай аяқ басқан газетті біз қазақтар үшін шығарып жатырмыз. Алаш арыстары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов «Қазақ» газетін қазақ үшін шығарған. Сол соқпақтамыз.

Құрметті оқырман!

Барлықтарыңызға есен-саулық, береке, бірлік, отбасы, ошақ қасының амандығын тілейді «Орталық Қазақстан»!

 

Мағауия СЕМБАЙ.

Р.S. Сұлтанмахмұт ақын айтқандай, әр қазақ көгіміздің бір-бір күні болсын!

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button