Білім

Оқушы жанына үңілу керек

Мектептегі педагог-психологтың маңыздылығын бәрі бірдей түсіне бермейді. Психологтың қызметі көбінесе айқын көрінбегенімен, бұл мектепішілік өмірді тұрақты және қауіпсіз ете алатын құрал ретінде ғана көрінуі мүмкін. Бүгінгі таңда барлық мектептерде оқушылар және ата-аналар, мұғалімдер арасындағы мәселелерді тек тәжірибелі психолог шеше алады.

Сурет mk-lenobl.ru

Мектептегі педагог-психолог – мектеп оқушыларымен жеке деңгейде де, ұжым деңгейінде де психологиялық жұмыс жүргізетін маман. Басқаша айтқанда, психолог оқушының жеке мәселелерін анықтап, құрдастарымен немесе оқытушылармен қақтығыстан шығудың оңай жолын табуға көмектеседі. Сонымен қатар, педагог-психолог ата-аналармен мәмілеге келіп, мұғалімдермен жұмыс жасай алады. Дегенмен, маманның басты назары әрқашан балаларға бағытталғанын ұмытпаған жөн. Мектеп психологының міндеттеріне психодиагностика, психокоррекция, психоконсультация және психопрофилактика кіреді.

Атап айтсақ, психодиагностика балалардағы түзетуді қажет ететін бұзылуды немесе ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол жоспарлы түрде, сондай-ақ, балаларды мектепке қабылдау кезінде өткізіледі. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде психодиагностика маңызды. Бұл кезеңде педагог-психолог психологиялық сипаттағы мәселелерді (агрессивтілік, мазасыздық, мотивацияның болмауы) ғана емес, сонымен қатар, білім алу барысындағы мәселелерді түзетуді қажет етеді. Психодиагностика ойындар, тренинг, тестілеу, шығармашылық тапсырмалар арқылы жеке әрі топта да жүргізілуі мүмкін.

Ал, психоконсультация – балалар мен ересектердің эмоционалды жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға көмектесетін жеке немесе топтық жұмыс. Бұл жұмыс барлық мектеп оқушылары үшін, соның ішінде, айқын психологиялық проблемалар немесе даму ерекшеліктері анықталмаған адамдар үшін пайдалы болуы мүмкін. Топтық психологиялық кеңес беру сынып сағаттары мен басқа да ұйымдастырылған іс-шаралар кезінде үнемі жүргізіледі. Жеке мектеп психологы мектептің барлық оқушылары мен тәрбиешілеріне кеңес бере алады. Мысалы, педагог-психолог балалармен темекі шегудің, алкоголь мен есірткінің зияны туралы әңгіме жүргізе алады. Мәселен, бүгінде балалар арасындағы суицид мәселесі – қоғамды алаңдатқан сұрақтың бірі. Елімізде балалар арасында психологиялық ахуалды оңалту бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Суицидтің көрсеткіші соңғы 10-12 жылды алып қарасақ, түсіп келе жатыр. Бұл – қолға алынып жатқан жұмыстардың нәтижесі.

Психологтар бүгінде жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлық белгілерін анықтауға, балалармен жыныстық жетілудің ерекшеліктері туралы сөйлесуге, өткір және мұқият тақырыптарды көтеруде үлкен құзыретке ие.

Жоғарыда аталған жұмыс аспектілері апта сайын мектеп психологының кестесіне енгізіледі. Әр оқу жылына педагог-психолог балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ бағдарламасын жасайды.

Әдетте, мектепте психолог жас ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі сыныптарға арналған бағдарламалар жасайды.

Педагог-психолог маман күрделі механизм саналатын балалар мен жасөспірімдердің ақыл-ойларымен жұмыс істейді. Сондықтан, мектеп психологы өзгелерден екі есе сезімтал әрі мұқият болғаны жөн.

Зайра ШАЯХМЕТОВА,
№36 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы.
ҚАРАҒАНДЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button