Қоғамдық көліктер тексерілуде
Облыстың тәртіп сақшылары «Автобус» жедел-алдын алу шарасын қолға алуда. 22 қаңтарда басталған айлықтың алғашқы аптасында қоғамдық көлік жүргізушілерінің 414 мәрте жол ережесін бұзғаны нақтыланды.
Дәлірек айтар болсақ, Осакаров ауданында жолаушыларды заңсыз тасымалдаған үш дерек анықталды. Жаңаарқа ауданында заңсыз қайта жабдықталған бір автобус тоқтатылды.
21 автобус міндетті техникалық тексерусіз желіге шыққан. 72 жүргізуші қозғалыс кезінде телефон арқылы сөйлесіп, 8 жүргізуші жылдамдықты асырған. 40 жүргізуші бұрылу ережелерін сақтамаса, 6-ы сақтандыру полисінсіз қозғалған. 5 автобус айыппұл тұрағына қойылып, оларды пайдалануға тыйым салынды.
Әкімшілік жауапкершілікке автопарктердің 10 қызметкері тартылды.
«Автобус» жедел-алдын алу шарасы 18 ақпанға дейін жалғасады.
Өз тілшімізден.