Өнімді еңбек – даму кепілі

     Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшелері Елбасының «Төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылады. Адами капиталды дамыту арқылы еңбек өнімділігінің деңгейін арттыру қажеттілігіне тоқталды.

Жиында Қазақстан коммунистік халық партиясы Қарағанды облыстық филиалының бірінші хатшысы Александр Зевахин сөз алып, Елбасының: «Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік», – деп атағанын тілге тиек етті.

Жолдауда көзделіп отырған жаңа білім беру жүйесін – инвестициялық жобаларға арқау болар  экспорттық әлеуеті бар экономиканың саласы ретінде қарастыру керектігін айтты. Бірінші басымдық саналатын заманауи технологиялық үрдістерді енгізе отырып, экономиканы жедел дамыту жағын атады. «Экономиканы дамыта отырып, еңбек өнімділігін арттыру арқылы жұмыссыздықты азайтамыз», – деді ол.

Адвокат Айман Қабытайқызы Жолдаудың басты бағыттарының бірі – адами капиталға тоқталды.  Ол үшін білім беру жүйесін экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру көзделгенін айтты. «Осы ретте, дамыған елдер адами капиталдың сапасын арттыруға басымдық беретінін ескерген жөн», – деді ол.

Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.