Бас тақырыпРесми

Өнім өндіруде өсім бар

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, биылғы қаңтар-қарашадағы деректер бойынша облыс өнеркәсібі 2347 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі өткен жылғы сәйкес кезеңге – 101,7%. Өсім кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеруде – 10,5%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 4,6%- ға артқан.

Облыстың өнеркәсіптік өндіріс құрылымында едәуір үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. 76,2% шамасында. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеруге өнеркәсіп өндірісінің 15,4%-ы тиесілі. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауға – 7,1%-ы, сумен жабдықтау, кәріздік жүйе, қалдықтарды жинау мен таратуды бақылауға – 1,4%.

Өнімнің негізгі көлемі Теміртау, Жезқазған, Қарағанды және Балқашта өндірілген. Өндірістің өсімі Жезқазған, Қаражал қалаларында, Шет, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау аудандарында байқалды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button