Жаңалықтар

Өнім каталогы – ақпарат айдыны

«Біздің басым қолдау мемлекеттік қолдау болып табылады, ең бастысы, шикі өнім өндірмейтін кәсіпорындар… Сондай-ақ, маңыздысы стандарттау жөніндегі заңнама болып табылады».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Қазақстанда өнім каталогы шығарылды. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК дайындаған Қазақстан Республикасының Өнім каталогының мақсаты – Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімдер, олардың негізгі сипаттамалары, өнімді өндірушілер, қолданылытын нормативтік құжаттар хақында мүдделі мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғаларды отандық өнім өндірушілер туралы ақпараттармен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» №603 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі №291 бұйрығымен Өнімнің каталог парағының нысаны бекітілді. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №553 бұйрығымен Өнімнің каталогтық парақтарын тіркеу тәртібі туралы каталогтар жүйесіне қатысты мағлұматтар Техникалық реттеу және метрология комитеті сайтында орналасқан www.memst.kz.

Каталогтандыру жүйесінде өнімдерді тіркеуге жоғарыда айтылған заңдарға және Қазақстан Республикасының стандарттау нормативтік құжаттарына сәйкес шығарылған барлық өнімдер жатады.

Өнімді каталогтау жүйесіне тіркеуге жатпайтындар:

1) өнімнің тәжірибелі үлгілері (тәжірибелі партиялар), өнімнің бекітілетін сериялары;

2) дара өнім өндіру; авторлық құқық обьектілері; кәдесыйлар, өнімнің қосалқы бөліктері.

Өнім өндірушілер өнімді каталогтау жүйесіне тіркеуге жататын, шығарылған (шығарылатын) өнім туралы ақпаратты уәкілетті органға өнімнің каталогтық парақшасына қосу үшін қазақ және орыс тілдерінде береді.

Өнімді каталогтау парақшасымен танысу және каталогтық парақшаны дұрыс толтыру кезінде, сондай-ақ, каталогтық парақшаларды мемлекеттік және де орыс тілінде толтыру мәселесіне байланысты туындаған барлық сауалдар бойынша «ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалының мамандарына хабарласуға болады.

Комитет сайтында Қарағанды облысы бойынша 600-ден астам өнімнің каталогтық парақтары тіркелген. Сонымен қатар, біз өнімді каталогтау арқылы өзіміздің отандық өнімдер туралы ақпаратты жария ете отырып, Қазақстан Республикасында тіркелген отандық өнімдердің тізімдерін осы сайт арқылы еш төлемақысыз тегін көре аламыз.

Көркем үйлестірілген Қазақстан Республикасының өнім каталогы каталогтық парақтар негізінде каталогтандыру жүйесінде тіркелген.

Өнімді каталогтау жүйесі бойынша және мемлекеттік тіркеу бойынша барлық сұрақтарды «ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалына хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Анжерская көшесі, 22/2, тел.: 8 (7212) 30-30-86, e-mail: kfkazinst@mail.ru.

Шара ӘЖІМОВА,

Мөлдір ҚОЗЫБЕКОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button