Ұлы Жеңіске - 75 жыл

Николай ПОКАТИЛОВ

Николай Изотович Покатилов 1920 жылы туған. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан. Брянск және Орел түбінде, Белоруссияны азат етуде, Кенигсберг пен Данцингті шабуылмен алуда ерлігімен көзге түскен.

Николай Изотович 1944 жылдың қараша айында IІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, 1945 жылдың ақпан айында IІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және 1945 жылдың маусым айында I дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталды. I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және көптеген медальдармен наградталған.

1972 жылы Қарағандыға келді. КСРО Қатынас жолдары министрлігінің Қарағандыдағы техникалық мектебінде аға есепші болып істеді.

1996 жылы қайтыс болды.

Басқа материалдар

Back to top button