Спорт

Никита жарады

Ташкентте кадеттер, жастар және ересектер арасында WKF каратэден құрлық біріншілігінде қарағандылық Никита Тарнакин жүлдемен оралды.

Аталмыш додаға 22 елден 500-ге жуық спортшы қатысқан. Қазақстандық каратэшілер қарсыластарын жолда қалдырып, турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте ІІ орынға ие болды. Облыс құрамасының намысын қорғаған Никита Тарнакин (бапкері В.Бокий) ересектер арасында кумите командасында – ІІ орын, жастар арасында жеке кумитеден – ІІІ орынға ие болды.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button