Ресми

Несиелеу шарттарына түзетулер енгізілді

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары болып шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері табылады. Бұл туралы «Даму» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Несиелендіру, салалық шектеуі жоқ инвестициялық мақсатқа және қаражат айналымын толықтыруға арналған несие/микронесие/қаржыландыру бойынша іске асырылады.

Несиенің максималды сомасы айналым қаражатын толықтыруға 5 млн. теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі екі жылға дейін, сонымен қоса несие жаңартылатын не/немесе жаңартылмайтын негізде ұсынылады.

Инвестициялық мақсатта қарыздың шекті сомасы – 20 млн. теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі үш жылға дейін. Бір қарыз алушыға шекті сома 20 млн. теңгені құрайды. «Даму» қорының кепілдік мөлшері – қарыз сомасының 85% дейін.

Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен құрылған сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 8,5%-ына ұлғайтылған, кәсіпкерге несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Қосымша, сыйақы мөлшерлемесін портфельдік субсидиялау «Бизнес Бастау» жобасының түлектерінің микронесиелендіру бойынша іске асырылады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысында көзделген, атаулы сыйақы мөлшерлемесімен жылдық 20%-дан аспайды, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдеме номиналды сыйақы ставкасы жылдық 28%-дан аспайтын МҚҰ микрокредиттері үшін жүзеге асырылады, оның 50%-ы мемлекетке төленеді. Микрокредиттерге субсидияланған сыйақы ставкасы Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның артықшылығы – қаржыландыру туралы шешім тек банк деңгейінде қабылданады. Бұл тәсіл несие алуға өтінімді қарау уақытының айтарлықтай қысқаруына әкеледі.

Бағдарламаға қатысу үшін жергілікті кәсіпкерлік бөлімдеріне немесе аймақтық «Даму» қорына мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29, 2 қабат, тел. (8-7212) 55-90- 20.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button