Жаңалықтар

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы»

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №33 мекемесінде жазасын өтеуші Абайдың портретін салды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Сурет Polisia.kz

Мекемеге келгеннен кейін жазасын өтеуші уақытының көп бөлігін кітап оқуға бөлген. Әсіресе, Абайдың өлеңдерін ерекше ынта-ықыласпен оқыған.

– Маған «Қарашада өмір тұр» өлеңі қатты әсер етті. 130 жыл бұрын, яғни, 1894 жылы жазылған екен. Оқығаннан кейін Абай Құнанбаевтың шығармашылығына ерекше көңілім тартты, – дейді жазасын өтеуші Сағыныш Құдайбергенов.

Жазасын өтеушінің мектеп кезінен сурет салуға әуестігі бар. Мекеме қабырғасында да бірнеше рет қабырға газеттері байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ақынның өлеңдерінен әсер алған ол Абайдың портретін салуға шешім қабылдап, мекеме әкімшілігінен материалдар алуға көмек сұраған.

– Сурет салу – адамның жеке басы мен шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді әдісі. Шығармашылықпен айналысқысы келген кез келген сотталушының бастамасын құптаймыз. Сурет салу арқылы олар өздерін дамытуға мүмкіндік алады. Мұндай шараларды өткізу сотталғандар арасындағы моральдық-психология­лық ахуалды жақсартуға ықпал етеді, – дейді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Бақытжан Ахметов.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button