Өнер – оқушы шамшырағы

   Сарыөзен негізгі орта мектебінен үлгілі, озат оқушылар түлек боп ұшып, үлкен өмірге жолдама алды. Ғылым қуғандары, өнердің биік шыңын бағын­дырғандары бар. Сол аға ұрпақтың үлгісін ұстанған бүгінгі жас жеткіншектер де болашақтарынан үлкен үміт күттіріп отыр.

Жалпы, мектепте шығармашылық­пен нәтижелі жұмыс істеп жүрген оқушылар көп. Былтырғы оқу жылынан бастап оқушыларымыз қашықтықтан өткізілетін көптеген байқаулардан топ жарып жүр. Үстіміздегі жылы оқушы­ларымыз «Platon» халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырған «Па­триоттық тәрбие–тәрбие негізі» аталатын республикалық шығармашылық байқауына қатысып, бақ сынаған. Бес оқушымыз олжалы болды. Олар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғына арнаған өлеңдерін жолдаған. Қатысушылардың төртеуіне республи­калық шығарма байқауында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленгені үшін І, ІІ дәрежелі диплом берілді. Осы орайда шәкірттерімен нәтижелі жұмыс жүргізген жетекші Әсем Бөлекбаеваның еңбегі зор. Мектептің жас маманы болса да, шығармашылыққа баулуға жан-тәнімен кіріскен. Мектепте қосымша сабақ ретінде «Шабыт» поэзия клубын ұйымдастырып, оқушыларға өнердің қыр-сырын үйретуде.

Марал БАЙЖҰМАНОВА,

Сарыөзен негізгі орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

НҰРА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.