Жаңалықтар

Үнем шамнан басталады

Жарық, жылу үнемдегіш шамдардың, құралдардың дәуірі басталды. Табиғи ресурсты үнемдемесе, оның сарқылып қалатынын бағамдаған адамзат үнемге көшті. Сондай мақсатта дүниеге келген жоба – «PROLUX KZ LTD» ЖШС-нің жарық диодты шамның жоғарғы технологиялық, автоматтандырылған өндірісі.

Бұл шамдарды қолдану арқылы 80% электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік бар. Жобаның жал­пы құны – 350 млн. теңге, жобалық қуаттылығы жылына 24 мың дана. Жобаны жүзеге асыру жарықдиодты шамдар өндірісіне бағытталған. Оларды қолдану электр энергиясын едәуір үнемдеуге, үнемі жарық пайдаланылатын өндіріс­тер өнімінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ көшелерді, жол­­дарды, көпірлерді, темір жол плат­формаларын, квар­тал ішін, өндірістік және қойма ғи­мараттарын, жылы­жай­лар­ды, кеңселер мен ТКШ жарықтандыруға пайда­ланы­лады. Сонымен қатар, өнім өндірушілердің айтуынша, сынаптан ада мұндай шам экологиялық тұрғыда таза. Демек, адамның денсаулығына залалы жоқ.

Жобаның жаңашылдығы – мұнда әлемдік индустрияның заманауи технологиясы қол­данылады. Соның арқасында жарықдиодты шамдар қара­пайым шамдарға қарағанда 10 есе артық уақыт қызмет ете алады. Бұл шамдарға қуат 4 есе аз электр жұмсалады.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button