Жаңалықтар

Өндірісте өсім бар

   Қарағанды қаласы бүгінгі күні ірі индустриалды-өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени облыстық орталық болып табылады. Қарағанды қаласының өнеркәсібі тау-кен өндірісі, өңдеу саласы, сонымен қатар, электрмен қамту, газ, бу жеткізу және ауалық желдету саласымен кең көрініс табады.

Соңғы жылдары ҚР индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы ең өзекті және өршіл инновациялық, оның ішінде, Қарағанды қаласының аумағында табысты қызмет істеп жатқан жобаларды іске қосу үшін қарқынды күш болды.

Аймақ шағын, орта және ірі бизнестің және шетелдік кәсіпорындардың өкілдерін дамытуға тарта отырып, әлеуетін екпіндеп дамытуда. Инвестицияларды тарту мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігімен тұрақты түрде қала кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау құралдарына тарту бойынша жұмыс жүргізілуде, жаңа инвестициялық жобалар іздестірілуде.

Инвестициялық жобаларды сапалы таңдау және индустриаландыру картасына енгізу үшін Қарағанды қаласының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы және кәсіпкерлікті қолдау бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіледі.Сонымен қатар, қала кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай бағдарламасына тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасының өнеркәсібі дамыған бірден-бір өңірі болып табылады және өңдеу өнеркәсібінің дайын өнімін өндіру, сыра, маргарин өнімдері мен көмір шығаруда алдыңғы орында тұр.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button