Жаңалықтар

Өндіріс алыбында – заманауи техника

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ жаңа заманауи авто­техника сатып алуға 60 млн. теңге қаржы жұмсады. Ин­вестициялық бағдарлама аясында барлық  қауіпсіздік талаптарына сай екі бульдозер сатып алынды. Техниканың өнімділігі 20% жоғары деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қыз­меті. Таратылған мәліметтерге сүйенсек, бульдозерлер бірінші бөлу цехтарында, агломерация және кокс химия өндірісінде технологиялық ма­териалдарды тасымалдау үшін пайдаланылады.

Жаңа автотехника үнемді және қауіпсіз. Сондай-ақ, операторларды қатер төндіретін жайттардан қорғау қарастырылған. Кабинада серіппелі орындық орнатылған көрінеді. Техниканы аса төмен температурада да қолдануға мүмкіндік беретін қосымша жылыту жүйесі де бар.

Александр ПОЛОННИК, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ АКБ басшысы:

– «АрселорМиттал Те­мір­­тау» АҚ жыл сайын автопаркті жаңартып, еңбек шартын жақсартуға ұмтылады. Челябинск трактор зауытының «Т-170» бульдо­зерлерінің жетілдірілген моделі дауыстық хабарлауы бар агрегаттар параметр­лерін бақылау жүйесімен жа­рақталған. Бульдозер жүр­гізушілерінің жұмысы да, тех­никалық бақылау жүргізулері де жеңілдейді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button