Руханият

Наурызда бұқаралық шаралар өткізілмейді

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Наурыз мейрамын отбасымен қарсы алуға кеңес береді. Мереке кезінде санитарлық ережелерді ұстанып, бетперде тағып, ара қашықтықты сақтап, көп адам жиналатын жерге бармаған жөн. Ведомство өкілдері жаңажылдық мерекелерден кейін ауру күшейіп кеткенін еске салып өтті. Қазір аурудың таралуы бәсеңсіді.

 

«Бүкіл дүниежүзінде эпидемиологиялық жағдай қиын. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған. Наурызда қосымша шектеу шараларын енгізу өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Әр өңірдің бас санитарлық дәрігері қаулы шығарады. Бәрі қалыпты болса, жұмысымызды осы қалыпта жалғастырамыз. Бірақ бұқаралық шаралар өткізілмейді. Әркім өз отбасында өткізуі керек», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.  

 

Басқа материалдар

Back to top button