Жаңалықтар
Наурыз мейрамында жалпыхалықтық серуен болмайды
Қарағанды облысы аумағына короновирустың таралуына жол бермеу бағытында алдын алу шаралары қабылданды. Атап айтқанда, биыл Наурыз мейрамында жалпыхалықтық серуен болмайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі аймақта вирусты жұқтыру фактілері тіркелмегенін хабарлады. Осыған орай, тұрғындарды қауесетке сенбей, тек, ресми мәлімдемелерге ғана назар аударуға шақырамыз.
Егер коронавирус туралы қандай да бір сұрақтар туындаса 1406 нөміріне хабарласуға болады.