Жаңалықтар

Наташаның ерлігі

    Жуырда Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1 медициналық-әлеуметтік мекемесінде тұратын Наталья ЗВИЯГИНЦЕВА Мексиканың Нью-Мексико қаласындағы әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды.

Наташаның есімі өңірге жақсы таныс болуы керек. Ол – Паралимпиадалық ойындарда (Рио-де-Жанейро) Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынған қарағандылық бірінші спортшы.

Ол Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1 медициналық-әлеуметтік мекемесінде 1997 жылдан бері тұрады. Наташа дене шынықтыру мектебіндегі жүзу кафедрасына 2005 жылы оқуға түскен. Бірінші жаттықтырушысы – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Константинов. Алғашқы жылдағы жаттығуы кезінде ол жалпы жүзу мен арқамен жүзу әдістерін игерген. 2014 жылы Наташа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Н.Егоровнаның оқу тобына ауыстырылған. Қазіргі таңда Наташа Н.Әбдіров атындағы спорт сарайының орталық бассейнінде жаттығады.

Н.Звиягинцева 2010 жылы Таразда өткен ұлттық чемпионатта бірінші орынды жеңіп алды. Араға жыл салып Наталья халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсете бастады. 2011 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дүниежүзілік спорт ойындарында 50, 100 және 200 метр қашықтықта жүзуден алдына жан салмай, үш алтынды еншілеген. Ал, 2012 жылы Наташаға Англияның Шеффилд қаласындағы жарыста да лицензия жеңіп алған. Сондай-ақ, жүзуден халықаралық спорт шеберінің Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері екендігі және бар.

Жерлес спортшымыздың мұндай же­тістіктерге қол жеткізуіне өзі тұрып жатқан мекеме қызметкерлері әрқашан қолдау көресетеді. Бұл – мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлығының көрінісі.

Өз тілшімізден.

Суретте: Н.ЗВИЯГИНЦЕВА Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1 медициналық-әлеуметтік мекемесінің директоры Н.СЫЗДЫҚАНОВПЕН бірге.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button