Спорт

Нар жігіттер бәсекесі

Бүгін көмірлі өлкенің түйе балуаны анықталмақ. Кеше Арқаның «мықтымын» деген жігіттері облыс орталығына жиналды. Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде қазақ күресінен «Сарыарқа барысы» облыстық турнирінің байрағы көтерілді.
Турнир жеңімпазы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесін сарапқа салатын «Қазақстан барысы» республикалық біріншілігіне жолдама алады.
Жарысқа екі жүзден астам балуан сайдың тасындай іріктеліп келіпті. Қарағанды, Теміртау, Қаражал, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Приозерск, Саран, Шахтинск қалалары мен Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандарында өткен іріктеу кезеңдерінде жеңіске жетіп, жүлдеге ілінген жігіттер өзара мықтыны анықтады. Жарысқа бас төреші Нұрмұхамбет Жайлау­бай бастаған төрешілер төрелік етті.
Қазақтың нар жігіттері бабы мен бағын сынаған байрақты бәсеке туралы кеңейтілген есепті газетті алдағы санында назарларыңызға ұсынамыз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button