Поэзия
Нағашым – Ер Қазыбек әулие өткен
Нағашым – Ер Қазыбек әулие өткен
Пәниден уақыт жетiп ол да кеткен.
Сасқан жан жер түбiнен “бабам” десе,
Аруағы күңiренiп келiп жеткен.
Бекболат асып туған сондай заттан,
Ол-дағы сыйынғанын жебеп жатқан.
Төресi Орта жүздiң Абылайды
Тидiң деп қытығыма сайдақтатқан.
Тiленшi одан туып ел билеген,
Арғынға одан қорқып жау тимеген.
Бiр өзi Орта жүзге билiк айтып,
Ұрыны залым менен нанша илеген.
Алшы-екем би атанған сары қасқа,
Бақ берген қазақ басын шайқамасқа.
Болсын десе, болады аға сұлтан,
Еш адам билеген жоқ одан басқа.
Өзіме мырза Түсіп – нағашы ата,
Сөзімде, кешіріңіз, болса қата.
Атаңды арғы-бергі түгел айттым,
Аруағын нағашымның тонға сата.
Суретте: солдан оңға қарай бірінші тұрған Ақылбай АБАЙҰЛЫ.