Нұртөре Жүсіп Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды

ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп сайланды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: aikyn.kz

Сенат отырысында палатаның Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметіне Нұртөре Байәтілесұлы Жүсіптің канидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

Байтілесұлы Жүсіп (1961 жылғы 29 сәуірде туған; Қазақ КСР Қызылорда облысы Шиелі ауданы) — Қазақ журналисті, қоғам қайраткері. «AIQYN» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы (2008 жылдан бастап). Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016).

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі кентінде дүниеге келген.

Әкесі – Жүсіпов Байтілес (1918-1985), анасы – Байділдақызы Рабиға (1925 ж.т.), зейнеткер, Батыр Ана, күріш өсіруші.

1984 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі

Кітап авторы: «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақ қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006), «Мың құмырсқа және Біз».

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Еңбек қызметінің бірінші сатысын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газеті агроөнеркәсіп бөлімінің журналисі болып бастады. Бұл газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1990-1996 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі, Бас редакторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.

1996-2002 жылдары – «Жас Алаш», «Ақ жол Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Астана Хабары» газеттерінің бас редакторы.

2008-2019 жылдары – «AIQYN» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы.

2019 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы.

2023 жылғы қаңтардан бастап Сенат депутаты болып қайта сайланды.