Нұрлан Нығматулин: “Азаматтардың әлеуметтік жағдайы басты назарда”
Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында шағын және орта бизнесті күшейтуге арналған шаралар қолға алынатынын айтты, – деп хабарлады Еgemen.kz
«Кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Онда Мемлекет басшысы осы күрделі кезеңде халқымызды жан-жақты қолдау өте маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты қосымша шаралар қолға алынады. Бұл қазіргі уақытта өте керекті шаралар», деді Нұрлан Нығматулин.
Оның айтуынша ең алдымен шағын және орта бизнесті күшейтуге арналған шаралар қолға алынады.
«Ең әуелі экономикамыздың тірегі шағын және орта бизнесті күшейтуге арналып отыр. Сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік жағдайын да одан әрі тұрақты ұстауға бағытталған. Сол үшін республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінеді. Бұл Қазақстандықтарды уақытша қиындықтан аман алып шығу үшін тағы бір нақты қадам», деді ол.