Спорт

Нұрбек Оралбай ширек финалда жеңіліп қалды

Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде ел құрамасы бақ сынап жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Бүгін 80 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан отандасымыз Нұрбек Оралбай ширек финалда жеңіліп қалды.

Сурет: bassport.kz

Нұрбек Оралбай ширек финалда Украина өкілі Александр Хижнякпен жұдырықтасып, қарсыласына есе жіберді. Қарсыласы Александр Хижняк – белгілі боксшының бірі. Ол Токио Олимпиадасының жүлдегері, және 2017 жылы Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.

Сондай-ақ, кеше 92 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Айбек Оралбай литвалық Симонас Урбонавичюспен кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Отандасымыз үш раундта да қарсыласын нокдаунға түсірген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button