Бас тақырып

Әнұранды әуелетер күн туар

XVI Паралимпиада ойындары басталды. Көк жәшікке телмірген төрткүл дүние назары тағы да – Токиода. Әлемдік бәсекеде ел намысын қазақстандық 25 спортшы қорғайды. Олардың екеуі қарағандылық.  Жүзуде үмітіміз – Әлия РАХЫМБЕКОВАДА. Ал, жеңіл атлетика, оның ішінде, ядро лақтырудан сенеріміз – Дастан МҰҚАШБЕКОВ.

Japan’s Yui Kamiji, centre, Shunsuke Uchida, right, and Karin Morisaki wave after after lighting the Paralympic cauldron during the opening ceremony for the 2020 Paralympics at the National Stadium in Tokyo, Tuesday, Aug. 24, 2021. (AP Photo/Shuji Kajiyama)

Аталмыш сында 165 мемлекеттен 4400-ден аса сайыпқыран топқа түседі. Спорттың 22 түрінен 539 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 2016 жылмен салыстырғанда 11 жиынтыққа артық. Велошабандоздар мен отырып семсерлесу және жүзу бойынша алғашқы тартыстар басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, стадиондар мен жарыс өтетін нысандарда көрермен болмайды. Жер бетінде індеттің өршіген тұсына дөпкелген Токио тартысы тәуекелшілдікті де талап етеді. Қазірдің өзінде Жапонияда күніне 25 мыңдай адамнан коронавирус анықталуда. Оның ішінде жарысқа қатысушылар да бар.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында ел Туын алып шығу абыройы таэквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, Азия және Еуропа чемпионаттарында үздіктер қатарында көзге түскен Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс медаль иесі Раушан Қойшыбаеваға бұйырды. Біздің команджүзуден – 7, дзюдодан – 6, пауэрлифтингтен – 5, таэквондодан 3 және жеңіл атлетикадан 2 жолдама жеңіп алған еді. Сондай-ақ, отандастарымыз каноэде есу мен нысана атуда алғаш рет бақ сынамақ. Қазақстандық құрама өкілдері арнайы ПТР тест тапсырып, тіркеуден өтті.

– Көңіл күйіміз тамаша. Алдағы жарысқа дайындық жаман емес. Әрине, бастапқыда жер бетін шарпыған нәубеттің кесірінен тест тапсыру, тіркеуден өту сияқты құжатбастылық біраз уақыт алды демесеңіз. Бірақ, оған түсіністікпен қарадық. Өйткені, бұл ең алдымен өз қауіпсіздігімізге қатысты шаралар, – дейді құрама мүшесі Зүлфия Ғабидуллина.

«Сегіз қолаға семіріп, сайыстан бас тарта қояр ма екен?», – дей ме осы жұрт бізді. Бір-ақ ауыз сөзге тоқталып, сол бір ауыз сөзге оқталған халық екеніміз есте бар ма? «Қола дәуірі» құрсауын бұзар күн келді! Оған ел намысын арқалаған өрендердің өздеріне деген кәміл сенімі дәлел.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button