АймақНұра

Нұрадағы нұрлы істер

Нұра ауданының 3 ауылында жаңа су құбыры желілері салынуда. Жараспай, Құланөтпес және Изенді ауылдарының бір жарым мың тұрғыны ауыз сумен қамтамазыз етілмек.

Нұра ауданы

– Жараспай ауылындағы су құбыры желілері 70% -ға тозған. Суды тұщыландыратын станциясының да жағдайы сын көтермейді. Сондықтан қайта жөндеу жұмыстары қажет болды. Бүгінгі таңда мердігер 6 шақырымнан астам құбыр тартып, 60-тан астам құдық орнатты. Барлығы 8 шақырымнан астам құбыр тұтынушылардың жер учаскелерінің шекарасына дейін тартылатын болады. Ал, Құланөтпес ауылында орталық сумен жабдықтау ешқашан болмаған. Мердігер компания жалпы ұзындығы 15,7 шақырым болатын жаңа желілер салуда. Жұмыс шілде айында басталған болатын. Бүгінгі таңда мердігер 4 шақырымнан астам желіні тартып үлгерді,– дейді Нұра ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы Денис Колчин.

Сонымен қатар, Изенді ауылында да жаңа ұңғыма салу, су құбырларын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұзындығы 10,8 шақырымды құрайтын жобаның 3 шақырымнан астамына құбыр төселген.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button