Нұра ауданында биыл жыл он екі ай жұмыс істейтін балалар лагерін салу жоспарлануда. Оған жер телімі бөлінген.

Лагерьде бір уақытта әр түрлі жастағы 300 бала демалады. Олар үшін жылытылатын корпустар мен барлық қажетті инфрақұрылым салынады.
– Лагерьді жеке инвестициялар есебінен салу жоспарланған. Бұл астаналық кәсіпкерлер. Олар ауданымызға келіп, біз олармен жобаның егжей-тегжейін талқыладық, құрылыс басталатын орынды анықтадық. Лагерь өзеннен алыс жерде орналасады, өйткені бізде су тасқыны қаупі бар. Мұны ескеру керек. Лагерьде барлық қажетті спорттық және ойын-сауық нысандары болады, – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Мұқанова.
Лагерьде балалар қол жетімді бағамен жолдамалар арқылы демала алады деп болжануда.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА