Нұра ауданында – жаңа әкім
НҰРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА АЯН ШАЛМАҒАНБЕТОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. АУДАННЫҢ ЖАҢА ӘКІМІН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРЛАН ҚОШАНОВ ТАНЫСТЫРДЫ.
Бұған дейін ауданды басқарған Есет Байкен Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалған еді. Облыс әкімі оған қызметінде сәттілік тіледі.
– Мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде, мемлекеттік органдардағы қызметтердегі үлкен тәжірибесі жаңа әкімге ауданда жұмысты оңтайлы ұйымдастыруға және қойылған міндеттерді орындауға көмектеседі, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ, Аян Шалмағанбетов аймақ басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді.
Аян Шалмағанбетов 1972 жылы 14 ақпанда Нұра ауданы, Нұра кентінде дүниеге келген.
«Экономист-менеджер», «құқықтану бакалавры» біліктілігі бойынша екі жоғары білімі бар. Ақмола аграрлық университеті мен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген.
Еңбек жолын құрылыста жұмысшы болып бастаған. «Қазақстан темір жолы» РМК-да жұмыс істеді. Компанияда жетекші маманнан басқарма бастығының орынбасарына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. Коммерциялық құрылымдарда жұмыс тәжірибесі бар.
2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Орталық атқарушы органдарда басшылық қызметтерде – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді.
Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін облыстың жер қатынастары басқармасын басқарды.
Облыс әкімінің баспсаөз қызметі.