Нұра ауданында сапаржай ашылды

Нұра кентінің кәсіпкері тұрғындарға сапаржай салып берді. Енді жолаушылар автобустарын жылы және жайлы экопавильонда күте алады.

Ол ауылдың орталығында орналасқан және облысаралық және ауданаралық автобустарға қызмет көрсетеді.

– Бұл күн батареяларынан электр қуатын алатын, газбен жылытылатын, жылы едені бар экопавильон.Тұрғындар енді автобустарды жайлы жағдайда күте алады, жақын жерде шағын дүкен, дәмхана бар. Бұрын автобустар бізге ауылға кірмейтін, жолаушыларды жолдан алып кететін. Жолға жету үшін адамдар такси жалдауға мәжбүр болатын, – дейді Нұра ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұржан Оралбаев. 

Жақын арада сапаржайда касса ашылады. Мұнда Қарағанды – Урожайный (Егінді), Қарағанды – Нұра (Осакаровка арқылы), Қайнар – Ізенді – Жараспай – Нұра –Астана арасына қатынайтын автобустар тоқтайтын болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.