Жаңалықтар

“Нұр Отан” партиясының мүшесі Қазақстанда “Кайдзен” философиясын дамытуды ұсынды

“Нұр Отан” партиясының XVIII Съезі қарсаңында «Экономикалық дамудың жаңа моделін қалыптастыру, кіріс табысын және халықтың тұрмыс сапасын арттыру” тақырыбында өткен панельдік сессия кезінде, ақтөбелік кәсіпкер Айнұр Бақытғалиева, қазақстандық бизнесмендердің төмен өнімділігінің себептері туралы айтты, – деп хабарлады “Нұр Отан” партиясының баспасөз қызметі.

Әсіресе бизнестегі кемшіліктің бірі – кәсіпкерлердің құзыретінің төмендігі және бизнесті дамыту бойынша әлемдік құралдардан бейхабар болу екендігімен байланыстырды.

“Бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту үшін “Ұлттық құзыреттілік орталығын” құруды ұсынамын, онда бірыңғай әдістеме бойынша тәжірибелі жаттықтырушылар “Кайдзен” ұқыпты технологияларына оқытуға болар еді. Жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектерді тарту керек, әсіресе физика-математика бойынша, басшылық қызметте тәжірибесі бар, балалар, оқушылар, студенттерді оқыту қажет. Осылайша біз шағын және орта бизнестің әлеуетін арттырамыз және экономиканы әртараптандыру мәселесін де шешеміз, сонымен қатар бәсекеге қабілетті буынды өсіре аламыз”, – деді партияның Ақтөбе қалалық мәслихатының фракция мүшесі.

Айта кету керек, Астана шаһарындағы Конгресс-орталығында өткен панельдік сессия барысында өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, салықты әкімшіліктендіру жүйесін жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды.

Басқа материалдар

Back to top button