Жаңалықтар

Ғұмырлы ән – халық жаны

   Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін-өзі жұбатқан. Осы мақсатта мектебімізде патриоттық ән байқауы өтті.

Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Патриоттық әндер үгіт – насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы. Сондықтан, бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу болды.

Байқаудың шарттары бойынша басты назар қатысушы үміткердің орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті мен киім үлгісінде болды. Ән айту мәнері мен дауыс ырғағы, байқаудың шарттарымен таныстырылып, қатысушылар сахна төріне шақырылды. Сайысқа 2-10 сынып оқушылары қатысып, дайындықтарын көрсетті. Олар «Қазақ елі», «Атамекен», «Көк тудың желбірегені», «Жас Ұлан» әндерін шырқады. Байқауда 2 «А»,  9 «А», 10 «А» сынып оқушылары суырылып алға шықты. Кешті орыс тілі пәні мұғалімі Алуа Сағиева жүргізді. Мектеп директоры К.Кулбулатова оқушыларды құттықтап, ризашылығын білдірді.

 

А. ЖАДРАСИНОВА,

№4 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button