Мол мүмкіндік ашылады

       Бұқар жырау ауданы, Байқадам орта мектебінде 2016-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамыту бағдарламасы жасалып, 2016-2017 оқу жылына үштілдік білім беруді қолдану бойынша атқарылатын жұмыс жоспары жасалды. Бұл жоспарға «Үш тілде білім беру» бойынша ғылыми зерттеу бағыттары, оқушылардың үш тілде білім беру бойынша ғылыми зерттеулер саласында халықаралық олимпиадаларға қатысулары енгізілген. Мектеп қызметкерлері арасынан өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге үйрету курсы, екі топтан құралған ағылшын тілін үйрену және орыс тілін жете меңгертуге арналған курстар ұйымдастырылды. «Тілдің үш тұғырлығы» бойынша мектепішілік ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізу жоспарлануда. Оған «Халықтар достығы – тіл достығы» атты ғылыми конференция мен «Ұлт жоспары – 79 қадам!», «Үштілді білім берудің Жол картасын жүзеге асыру» атты семинар тақырыптары таңдалды. Тілдерді оқыту стандартына сәйкес, тілдік пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер өткізілетін болады, яғни, жоғары сыныптардағы информатика, физика, химия, биология пәндері үшін ағылшын тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды бейімдеу жоспарланды. Жоғарыда аталған іс-шаралар табысты жүзеге асатын болса, Байқадам орта мектебінің оқушылары алдында мол мүмкіндіктің ашылары анық.

Гүлім Ахатаева,

Байқадам орта мектебі директорының орынбасары.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.