Руханият

Өміршең жырдың мәнін ұққандар

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті базасында ұйымдастырылған жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларының облыстық кезеңі мәресіне жетті.

Байқауда аудандық/қалалық кезең жеңімпаздары және мамандандырылған мектеплицей-интернаттарының оқушылары бақ сынасты. Байқау төрт бағыт бойынша өткізіліп, облыс бойынша жалпы 55 оқушы іріктеуден өткен. Сала мамандарынан жасақталған қазылар алқасы әр аталым бойынша оқушылардың өнерін жеке кабинеттерде тамашалап, ережеге сай үздіктерді анықтады.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» аталымында I орынды – «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан Нұрсұлтан Таңат жеңіп алды. II орын Бұқар жырау ауданы, Киров атындағы орта мектеп оқушысы Аяулым Серікжан мен Нұра ауданы, Нұра орта мектебінен келген Нұрдана Абилдиноваға бұйырды. III орынға Приозерск қаласы, №1 орта мектеп атынан қатысқан Шапағат Каримсакова, Шет ауданы, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінен Камшат Бекжан, Шахтинск қаласы, №12 орта мектеп оқушысы Аружан Канафина тұрақтады. Балқаш қаласы, №15 мектеп-лицейінің оқушысы Айсу Тұрсынбек, Осакаров ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп қатысушысы Еламан Кенжебай, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылының №14 орта мектебінен Мәдина Орақбайға мадақтама бұйырды.

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» номинациясында I орын Бұқар жырау ауданы, Үштөбе тірек мектебінің оқушысы Дильнара Серғазықызына нәсіп болды. II орынға Қарағанды қаласы, №12 орта мектептен Айша Қасқатай, Теміртау қаласы, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» Марғұлан Самархан ие болды.

III орын Нұра ауданы, М.Сүлейменов атындағы тірек мектебінен Сымбат Қосанға, Балқаш қаласы, Зияткер мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы Нұрсая Төкенге, Ақтоғай ауданы, К.Бәйсейітова атындағы тірек мектебі Келбет Зиядаға бұйырды. Саран қаласы, Абай атындағы орта мектептен Ботагөз Исмаилова, Балқаш қаласы, №5 орта мектептен Сұлтан Мұрат, Қарағанды қаласы, Дарын мектебінен Абай Абенов пен Бесембай Бекарыс, Приозерск қаласы, №2 орта мектептен Айша Сембек мадақтамамен марапатталды.

«Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында I орын тұғырынан Теміртау қаласы, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы Нұржігіт Төлешов көрінді. II орынды Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылының №14 орта мектебінен Аружан Бодау мен Теміртау қаласы, №4 орта мектептен Әсемай Байназарова жеңіп алды. III орынға Саран қаласы, Абай атындағы орта мектеп оқушысы Шұғыла Бекен, Ақтоғай ауданы, Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебінен Тұмар Стамбек, Шахтинск қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінен Жансулу Наметова жайғасты. Приозерск қаласы, №1 орта мектептен Алиса Әбдіраманова, Осакаров ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп оқушысы Ақтоты Батай, Бұқар жырау ауданы, Көкпекті орта мектебінен Аружан Ханат және Нұра ауданы, К.Мыңбаев атындағы орта мектептен Камила Кеңесова мадақтамаға ие болды.

«Мәшһүр Жүсіп шығармалары» және «Ұлы Даланың ұлы есімдері» аталымында I орынды Бұқар жырау ауданы, Үштөбе тірек мектебінен Аягөз Тілеубек, II орынды Нұра ауданы, Нұра орта мектебінен Инабат Тайжанова, III орынды Теміртау қаласы, №29 орта мектептен Ардақ Дұғалым мен Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылының №14 орта мектебінен Райхан Тілепбек жеңіп алды. Приозерск қаласы, №1 орта мектебінің оқушысы Салуа Сураншиеваға, Шахтинск қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінен Айгауһар Ахметоллаға мадақтама бұйырды.

Аталған байқауда Мәшһүр Жүсіптің өміршең жырларынан өмір мәнін іздеп, I орынды жеңіп алған жүлдегерлер республикалық кезеңде облыстың намысын қорғай

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button