Минск дәрігерлері – Қарағанды шаһарында
Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Дмитрий ПИНЕВИЧ бастаған дәрігерлер делегациясы Қарағанды клиникалары мен ауруханаларына табан тіреді. Минскіден сапар шеккен дәрігерлердің мұндағы мақсаты – медицина саласындағы цифрландыру мен жалпы тәжірибе дәрігерлерінің жұмысын ұйымдастырудағы қазақстандық үлгіні зерделеу.
Аталған делегация Қазақстанға бас-аяғы төрт күнге келіпті. Қонақтар соның бір күнін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша Қарағандыда өткізді.
Бұл – Қазақстан-Беларусь қарымқатынасы тарихындағы денсаулық сақтау ұйымына жасалған ең ұзақ сапар. Екі ел дәрігерлерінің алдында тұрған мәселе – ортақ. Ол – адам жанына шипа іздеу. Біз оны ұқсас әдіс-тәсілдермен шешеміз. Бірақ, әркімнің өз әзірлемелері мен жаңашылдықтары бар. Біздің ойымызша, Қазақстан медицинасы бұрынғы Кеңес үкіметі кеңістігіндегі өзге елдерден көш ілгері тұр. Өз кезегінде, осы облыстағы медицина саласы да Қазақстанның басқа аймақтарынан бір қадам алға озуда. Бізге Қарағандыға баруды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматыда орналасқан кеңсесіндегі мамандар ұсынды, – деді Дмитрий Пиневич.
Меймандар Мақажанов атындағы трав матологиялық орталықта, кардиологиялық орталықта, №2 көпбейінді ауруханада, жағдаятты орталықтарда және №3 емхана-да болды. Бұл жерде келушілерге арналған көрсеткіштер жүйесі мен ақпараттық табло туралы айтылып, баланың белсенді ұзақ өмір сүруі турасында сөз өрбіді. Даму орталықтар таныстырылып, педиатрия орталығына экскурсия жасалды. Сондай-ақ, жергілікті мамандар әлеуметтік дәріханаларды құру тәжірибесімен де бөлісті. Травматологиялық орталықта қонақтарға облыс аумағында қолданылатын хирургиядағы инновациялық әдістер туралы айтылды. Бұдан бөлек, делегаттарды инсульт, инфаркт және басқа да диагноздары бар науқастар келіп түскен кезде жағдаятты орталықтардың жұмыс жүйесі мен олардың іс-қимыл алгоритмдері қызықтырды. – Беларусь дәрігерлерінің транспланто логиядағы тәжірибесін алу үшін жергілікті кардиохирургтердің Минск қаласына сапары туралы алдын ала уағдаластығы бар. Біздің травматологтар жамбас буындарын эндопротездеу бойынша Беларусь әдістемесіне қызығушылық танытты. Оларда өздері өндіріп шығарған эндопротездері бар және бізде қолданатыннан протездерден әлдеқайда арзан, – дейді облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы ГамальТоқсамбаев.
Өз кезегінде, Минск дәрігерлері Қазақстанның, соның ішінде, Қарағандының денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.