Жаңалықтар

Министрлер өңірлерді аралайды

Үкімет мүшелері Елбасының «Нұр Отан» партиясы XVІІІ съезінде берген тапсырмаларын түсіндіріп, өңірлердің тыныш-тіршілігін көру үшін жолға шықпақ.  Бұл туралы  Үкімет үйінде өткен  баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді. 

«Келесі аптадан бастап мен өзім, министрлер облыстарға іс-сапармен барып, кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Ол қалай жүргізіледі? Біз өңір-өңір бойынша бірнеше облысты қамтимыз. Осы аптада батыс өңіріне – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарына барамыз. Сапар аясында дәстүрлі құралдарды пайдаланумен қатар, жаңа форматта жұмыс істейміз. Халықпен кері байланыс болуы керек. Сол жерлерде жеке қабылдау болады. Мен өзім де, министрлер де бағыт-бағыт бойынша жеке қабылдайды, кездесулер болады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті ХҚО-лар мен Жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстары, дайындығы қаралады»,-  деді Гүлшара Әбдіқалықова.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button