Жаңалықтар

Міндет. Мүмкіндік. Меже

    Елбасы биылғы Жолдауында білім саласына жіті көңіл бөлді. Келешекте жаңартылған бағдарлама арқылы білім саласы өрлей түседі. Ол үшін жоғары оқу орындарында педагог мамандарды оқыту сапасын жетілдіру қажеттілігін баса айтты.

«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады», – деді Елбасы.

Білім беру саласының қарқынды дамуымен бірге, мұғалімдер жа­лақысы біліктілігінің расталуына байланысты өсетіні де белгілі.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсын­ов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген.

Ұлт Көшбасшысы еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуын міндеттегені белгілі. Ол үшін заман талабына сай біліммен қаруланған жас ұрпақ қажет.

Саягүл БАЙЖҰМАНОВА,

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button