Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тұрған бөлме мұражайға айналады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір кісілік екі кереует, үстел, креслолар мен диван бар бөлме шағын мұражайға айналады. Идея авторлары 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде бөлмеде болған интерьерді барынша сақтауға тырысатыны хабарланды. 

2022 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған Месси В201 бөлмеде тұрған. Шағын мұражайдың ашылу күні әлі жарияланған жоқ.