Руханият

Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар Академиялық оркестрі мерекелік концерт өткізеді

22 наурыз сағат 16:00-де «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар Академиялық оркестрінің «Наурыз – Думан» мерекелік концерті өтеді. Оркестрмен бірге ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов өнер көрсетеді.

Концертте қазақ композиторларының күйлері мен шығармалары, «Сылқылдақ», «Сарыжайлау», «Көк серке», «Қара жорға», «Терісқақпай» және басқа да халық әндері шырқалады. Концертке кіру – тегін.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев. Бас дирижер – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей. Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button