Мереке мерейді өсірді

    Жаңаарқа ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында аудан әкімі Ғабдрахман ОМАРОВ егемен елдің тағылымды табыстары мен ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері туралы тартымды сөз қозғады.

    Жиын барысында аудан басшысы бірқатар еңбек озаттарына облыс әкімі және облыстық басқармалардың, аудан әкімінің Құрмет грамота­лары мен Алғыс хаттарын, «Нұр Отан» партиясы облыстық және аудан­дық филиалдарының Алғыс хаттарын табыс етіп, игі тілектерін жеткізді.

    Мерекелік реңдегі іс-шара аудандық мәдени-сауық орталығының өнер тобы дайындаған қойылымдар, ән-күйлермен, Қарағанды қаласынан арнайы шақыртылған «Аққу» халықтық би ансамблінің келісті билері және балғын өнерпаздардың көңілге қонымды өнерімен айшықты бола түсті.

    Сол күні мәдениет үйінде ел назарына ұсынылған көрме – Б.Амалбеков атындағы орта мектебі еңбек пәнінің мұғалімі Ардақ Ақпупенованың жетекшілігімен оқушылар қолынан шыққан «Тәуелсіздікті өрнектейміз» атты 100 шығармашылық сыйы да көрермен көзайымына айналды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖАҢААРҚА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.