Руханият

Мерейтойға мазмұнды шара

Аймақтағы белді білім ордасы – Əбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығы жан-жақты атап өтілуде. Университет құрамындағы Инновациялық технологиялар колледжі «Жетпіс жылдыққа – жетпіс бастама» жобасын қолға алып, мерейтойлық іс-шараларды жүзеге асыруда.

Колледж директоры Н.Смағұлов аның бұл бастамасы, оқытушылар мен студенттердің қолдауымен оқу жылының басынан іске асуда. Студенттер республикалық, облыстық, колледжаралық, қалалық деңгейдегі шараларға белсене қатысып, үздіктер қатарынан көрінуде.

Мəселен, жалпы білім беру пəндері кафедрасының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтті. Студенттер ұлттық салт-дəстүр, əдет-ғұрыпқа терең бойлап, өздеріне қажетті құнды мағлұматтар алды.

Сонымен қатар, студенттердің бастамасымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Аймақтың тарихына жіті назар аударып, ондағы əр бөлменің мазмұнымен танысты. Əсіресе, «Ғарыш залы» мен Алаш үкіметінің тарихына қызығушылық білдірді. Көшпенділер тарихынан сыр шертетін, жауынгерлік сауыт-сайман, қару-жарақ, ат əбзелдері орналасқан этнографиялық залдан мəнді мағлұматтар алды. Өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісті.

«Мəңгілік алауға» тағзым етіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясын аралады. Қарағанды көмірінің атасы Аппақ Байжанов ескерткішіне де ат басын бұрдық.

Өңір тарихымен жіті танысқан студенттер алған əсерімен бөлісіп, рухани байығандарын жеткізді.

Р.НЕСИПОВ,
Ə.Сағынов атындағы ҚарТУ, Инновациялық технологиялар колледжі,
тарих жəне қоғамдық пəндер оқытушысы,

А.АХМЕТОВА,
кəсіби қазақ тілі пəні оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button